АҚШ Ливанға коронавируспен күресуге көмектеспейтінін мәлімдеді
(last modified Sat, 09 May 2020 13:03:46 GMT )
Maм 09, 2020 19:03 Asia/Almaty
  • АҚШ Ливанға коронавируспен күресуге көмектеспейтінін мәлімдеді

АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Хизболла қозғалысының коронавируспен күресу үшін Ливан Денсаулық министрлігіне көмектесуіне реакция білдіріп, Вашингтонның Ливан үкіметіне коронавируспен күресуге көмектеспейтінін мәлімдеді.

Дэвид Шенкер бейсенбі күні Ливанның LBC телеарнасына берген сұхбатында Ливанның ішкі істеріне араласуымен бірге: «Хизболла Ливан үкіметінің үлкен серіктесі. Бұл үкімет Хизболланы қолдайды. Вашингтон Ливанның Денсаулық сақтау министрлігіне қаржы бермейді, өйткені бұл министрлікті Хизболла басқарады»,- деді.

Коронавирустың таралуы басталғаннан бері Ливанның Денсаулық министрлігі бұл вируспен күресу үшін көптеген жұмыс жасады. Ливан Хизболласы ондаған жедел жәрдем көліктері және 20 мың ерікиі күші, дәрігерлік персоналымен үкіметке көмектесті.