Швейцария Трамптың гуманитарлық көмек арнасының тиімсіздігін мойындады
(last modified Sat, 09 May 2020 14:24:05 GMT )
Maм 09, 2020 20:24 Asia/Almaty
  • Швейцария Трамптың гуманитарлық көмек арнасының тиімсіздігін мойындады

Иранда коронавирус тарала бастаған соң Трамп үкіметі бұл аурумен күресуі үшін Теһранға көмектесуге дайын екенін жариялады. Бірақ Вашингтон бұл салада Иранға көмек көрсетпек түгілі керісінше кедергі жасауға кірісті. АҚШ-тың Ирандағы мүддесін қорғайтын Швейцария бұл мәселені мойындады.

Швейцария үкіметі 8 мамырда Трамп үкіметінің Иранға дәрі-дәрмек пен медициналық жабдық жіберу үшін құрған «гуманитарлық» арнасы арқылы ешбір гуманитарлық көмектің жіберілмегенін мойындады. «Швейцарияның гуманитарлық сауда механизмі» деп аталған бұл арна АҚШ Қаржы министрі Стивен Мнучинның айтуынша, Иран халқына гуманитарлық көмек жеткізеді. Бірақ швейцариялық басшылардың бірі бұл жұмыстың жасалмағанын мәлімдеді. Швейцария Экономика министрлігінің баспасөз өкілі Фабиан Минфиш: «Бұл арна арқылы ешбір мәміле іске асырылмады»,- деді.  Шын мәнінде аталмыш арна Иранға гуманитарлық көмек жібергісі келетін компанияларға қиындықтарды арттыру үшін құрылған.

АҚШ пен Швейцария 2020 жылдың 30 қаңтарында Иранға гуманиарлық көмек жіберетін жаңа механизмнің іске қосылатыны туралы уәж айтты.  Теһрандағы Швейцария елшілігі жариялаған мәлімдемесінде: «Иранға гуманитарлық көмек жеткізу мақсатындағы «Швейцарияның гуманитарлық сауда механизмі» SHTA іске асырылу қарсаңында тұр»,- деп айтылды. Швейцария бұл механизмді іске асырудағы мақсатын Иранға азық-түлік пен дәрі-дәрмек экспорттаушыларды қауіпсіз қаржы арнасымен қамтамасыз ету деп атады. Швейцария мен АҚШ сол кезде: «Осыдан бірнеше күн бұрын аталмыш арна арқылы Иранға жіберілетін дәрі-дәрмек партиясының қаржысы төленді»,- деп хабарлады. Осы мәлімдемелерге сәйкес АҚШ Қаржы министрлігі коммерциялық банктерге бұл елдің заңдарына сәйкес қаржы операцияларын жасауға  кепілдік беруі керек болған. Иранға гуманитарлық көмек жіберу саласында бұрыннан қастандық жасап келе жатқан Трамп үкіметі бұл жолы да Теһранға қажет тауарларды жіберуге қиындық тудырды. Адамгершілік негіздерінен жат бұл әрекетіне қарамастан АҚШ Қаржы министрлігі жұма күнгі өз мәлімдемесінде Швейцариядағы арна арқылы ирандық науқастарға қажет алғашқы қаржы айналымның толықтырылғаны туралы уәж айтты.  Трамп үкіметі гуманитарлық, дәрігерлік және дәрі-дәрмек көмектердің Иранға қарсы санкцияларға кірмейтіні жайлы уәжденгенімен іс жүзінде Вашингтон тіпті  Швейцарияның гуманитарлық сауда механизмі арқылы гуманитарлық жүк жіберуге де үнемі кедергі тудырды.  Америкалық журналист Эринг Каннингемнің айтуынша, «АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео: «Иранға дәрі-дәрмек пен гуманитарлық көмек экспортына тыйым салынған жоқ»,- деп мәлімдеді. Бірақ іс жүзінде АҚШ-тың шектеулері мен санкциялары Батыс компанияларын Иранмен сауда жүргізуден алыстатты». АҚШ коронавирустың таралуына  және қазіргі төтенше жағдайға байланысты Иранға қарсы санкцияларды жою саласындағы халықаралық  талаптарға қарамастан қысымды жалғастыруда.  Бұл салада АҚШ Мемлекеттік хатшысы 2020 жылдың сәуір айындағы мәлімдемесінде Иранға қарсы санкциялардың күшінің жойылмайтынын жариялады. Расында Трамп үкіметінің қазіргі жағдайда Иранға қарсы біржақты санкцияларын жалғастыруы Вашингтонның экономикалық терроризммен бірге Иран халқына қарсы медициналық терроризм, ал адамзатқа қарсы қылмыс жасап отырғанын көрсетті.