Зариф Ауғанстан СІМ жетекшісімен телефон арқылы сұхбаттасты
https://itolqyn.com/news/world-i46719
Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен Ауғанстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Ханиф Атмар жексенбі күні кешке телефон арқылы сөйлесіп, Ауғанстандағы қазіргі саяси өзгерістер мен елдегі бейбітшілікті нығайтуға бағытталған аймақтық бастама туралы пікір алмасты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 11, 2020 18:50 Asia/Almaty
  • Зариф Ауғанстан СІМ жетекшісімен телефон арқылы сұхбаттасты

Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен Ауғанстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Ханиф Атмар жексенбі күні кешке телефон арқылы сөйлесіп, Ауғанстандағы қазіргі саяси өзгерістер мен елдегі бейбітшілікті нығайтуға бағытталған аймақтық бастама туралы пікір алмасты.

Зариф пен Атмар телефон арқылы сұхбат барысында Иран мен Ауғанстанның өзара ынтымақтастық арқылы бірлескен топ құрып, екі елдің шекарасында болған оқиғаны зерттеп, тексеруге келісті.

Кейбір қарсылас арналар мен желілер Иран шекарашылары ауған азаматтарын өзенге лақтырғаны туралы видео жариялағаннан кейін ИИР Полиция күштері бұл уәждерді теріске шығарды.