Ресей АҚШ-қа Иранға қарсы әрекеттерін жалғастыруына қатысты ескерту жасады
https://itolqyn.com/news/world-i46766
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары АҚШ-тың Иранның қару-жарақ санкциясының мерзімін созуына ескерту жасап, бұл әрекеттердің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі дағдарысқа себеп болатынын қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 15, 2020 15:46 Asia/Almaty
  • Ресей АҚШ-қа Иранға қарсы әрекеттерін жалғастыруына қатысты ескерту жасады

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары АҚШ-тың Иранның қару-жарақ санкциясының мерзімін созуына ескерту жасап, бұл әрекеттердің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі дағдарысқа себеп болатынын қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сергей Рябков бейсенбі күні: «Ресей АҚШ басшыларының Иранға қару-жарақ саласында салған санкцияларының мерзімін ұзарту жөніндегі бүкіл сөзін қадағалап отыр және АҚШ үкіметінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы туралы көзқарасынан хабардар. Мәскеудің ұстанымы белгілі. Ешбір мемлекеттің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын іріктеп орындауға рұқсаты жоқ. АҚШ екі жыл бұрын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, №2231 қарарды әшкере бұзды»,- деді.