Трамп АҚШ-тың Қытаймен қарым-қатынасын толық тоқтататыны туралы қоқан-лоққы жасады
АҚШ-та коронавирустың таралуы күшейіп, үкімет бұл ауруды бақылай алмағандықтан, Трамп Бейжіңге қарсы айыптарын күшейтіп, Қытайға қарсы бұрын-соңды болмаған қоқан-лоққы көрсетті.
АҚШ Президенті FaxBusiness арнасына берген сұхбатында Қытаймен қарым-қатынасты толық тоқтатуымен қорқытып: «Қытаймен қарым-қатынасты толық тоқтату АҚШ үшін көп ақшаны үнемдейді. Орындайтын көп жұмыс бар. Бүкіл қатынасты тоқтата аламыз. Егер бұл істі жасасақ, не болады? Егер қатынасты тоқтатсақ, 500 миллиард доллар үнемдейміз»,- деді. Трамптың бұл қоқан-лоққысы бірнеше жүз миллиард долларды құрайтын екі елдің сауда және экономикалық қатынастарына қатысты. Трамптың сөзі құр құқай сияқты көрінеді. Өйткені АҚШ-тағы көптеген компаниялар мен зауыттар және миллиондаған жұмыс орны Қытай экспортына тәуелді болғандықтан бұл қоқан-лоққыны іске асыра алмайды. Вашингтон Қытайды негізгі бәсекелесі ретінде атап, оның саясаттары мен әрекеттерімен қарсыласатынын қуаттады. Қытай Ресеймен бірге Трамптың біржақты ұстанымдарының негізгі қарсыластары ретінде оны қатты сынады. Коронавирус эпидемиясы бұл қайшылықтардың жаңа тұрғысын көрсетті. Трамп пен үкіметінің кейбір басшылары өткен аптада Қытайды сынап, бұл елді COVID-19 вирусының әлемде таралуына кінәлі деп көрсетуге талпынды. АҚШ Президенті Трамп пен Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео: «Қытай коронавирус эпидемиясына байланысты әртүрлі мәселелерді жасырып, вирусқа қатысты мәліметті айқын түрде халықаралық ұйымдарға мәлімдеген жоқ»,- деп уәжденді. Соңғы кезде АҚШ-тың республикашыл заңгерлері Қытайдың коронавирус эпидемиясын бақылауға алу әрекеттерінің жеткілікіз болғаны туралы жоба дайындап, Бейжіңнен шығындарды өтеуді талап етті. Қытай сан рет бұл айыптарды теріске шығарып, тәуелсіз немесе ДДСҰ-ның бақылауымен зерттеу жүргізіп, коронавируспен күресу саласында ынтымақтастық жасауға дайындығын жариялады. Бейжің АҚШ үкіметінің бұл ауруға қарсы күрестегі жауапкершілігін қабылдағысы келмейтінін қуаттады. Ресей халықаралық саладағы АҚШ-тың бәсекелесі ретінде Вашингтонның біржақты әрекеттеріне қарсы Қытайды қолдап, АҚШ-тың қоқан-лоққысын айыптады. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров: «Коронавирус эпидемиясының басталуы кезінде кеш, қате немесе жеткіліксіз жариялады деп Қытайды айыптайтын еш себеп жоқ. Ресей АҚШ-тан коронавирус дағдарысына жауапты ұстаным білдіруді сұрағанымен, Вашингтон керісінше әрекет етті»,- деді. ДДСҰ және басқа халықаралық ұйымдар, БҰҰ, сондай-ақ, көптеген мемлекет Трамптың коронавирус эпидемиясы саласындағы Қытайға қарсы айыптарын қабылдамады.