ДДСҰ Африкада коронавирустың таралуына қатысты болжам жасады
https://itolqyn.com/news/world-i46784-ДДСҰ_Африкада_коронавирустың_таралуына_қатысты_болжам_жасады
ДДСҰ келесі жылы Африканың бір миллиард халқының төрттен бірінің коронавирусқа шалдығатыны туралы болжам жасады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 16, 2020 18:23 Asia/Almaty
  • ДДСҰ Африкада коронавирустың таралуына қатысты болжам жасады

ДДСҰ келесі жылы Африканың бір миллиард халқының төрттен бірінің коронавирусқа шалдығатыны туралы болжам жасады.

The Guardian газетінің мәліметі бойынша, ДДСҰ: «Африка халқының жас болуы және өмір сүру тәсіліне байланысты Еуропа мен АҚШ-қа қарағанда коронавирус жұқтыратындар мен соның салдарынан қаза болатындар саны азырақ болады»,- деп мәлімдеді. Бұл мәлімдеме денсаулық мәселелерінің сарапшылары тиісті инфрақұрылымның жоқтығын Африкада коронавирус жұқтыратындар мен соның салдарынан өлетіндер саны жоғарылығының себебі деп алаңдаушылық білдірген жағдайда жарияланды.