ДДСҰ Африкада коронавирустың таралуына қатысты болжам жасады
Maм 16, 2020 18:23 Asia/Almaty
ДДСҰ келесі жылы Африканың бір миллиард халқының төрттен бірінің коронавирусқа шалдығатыны туралы болжам жасады.
The Guardian газетінің мәліметі бойынша, ДДСҰ: «Африка халқының жас болуы және өмір сүру тәсіліне байланысты Еуропа мен АҚШ-қа қарағанда коронавирус жұқтыратындар мен соның салдарынан қаза болатындар саны азырақ болады»,- деп мәлімдеді. Бұл мәлімдеме денсаулық мәселелерінің сарапшылары тиісті инфрақұрылымның жоқтығын Африкада коронавирус жұқтыратындар мен соның салдарынан өлетіндер саны жоғарылығының себебі деп алаңдаушылық білдірген жағдайда жарияланды.
Тегтер