ДДСҰ коронавирус туралы мәліметтер жинайтын банкті іске қосуға шешім қабылдады
(last modified Sat, 16 May 2020 14:20:58 GMT )
Maм 16, 2020 20:20 Asia/Almaty
  • ДДСҰ коронавирус туралы мәліметтер жинайтын банкті іске қосуға шешім қабылдады

Франция ақпарат агенттігінің мәліметінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы күреске қажет медициналық және технологиялық жаңалықтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін зияткерлік меншік құқығы мен лицензиялар туралы ғылыми дерекқорды іске қосады.

ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Коста-Рика президенті Карлос Альварадо және Чили президенті Себастьян Пиньерамен бірге мемлекеттердің көбінен  өз еріктерімен платформа құруға ынтымақтастық жасауға шақырды. АҚШ Президенті Дональд Трамп осыдан біраз уақыт бұрын ДДСҰ Қытайдың мүддесіне жұмыс істейді және мәліметтерін жасырады деп, БҰҰ-ның қарамағындағы осы ұйымға ақша бөлуді тоқтатты. АҚШ үкіметінің бұл әрекеті әлем деңгейіндегі айыптарды арттырды.

Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирусқа шалдыққандардың саны 4 миллион 628 мыңға жетіп, олардың 308 мыңы қаза болды.