АҚШ ДДСҰ-нан шықты
Maм 30, 2020 15:11 Asia/Almaty
АҚШ Президенті елінің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан (ДДСҰ) шыққанын хабарлады.
France Press ақпарат агенттігінің мәліметінше, Дональд Трамп жұма күні елінің ДДСҰ-нан ресми шыққаны жариялап: «Олар тиісті реформа жүргізе алмады. Сондықтан біз бұл ұйымнан шығамыз»,- деді.
АҚШ Президенті 2020 жылдың 19 мамырында халықаралық келісімдерден шығу үдерісін жалғастырып, ДДСҰ Қытайға қатысты тәуелсіз емес деп айыптап, осы халықаралық ұйымнан шығатынын айтып, қорқытқан болатын. Трамп бұдан бұрын: «ДДСҰ коронавирустың таралуына байланысты өз міндетін атқара алмады»,- деп баса айтты.
Тегтер