Тәжікстанның жүздеген азаматы Душанбеге қайтып оралды
(last modified Fri, 05 Jun 2020 12:40:48 GMT )
Маусым 05, 2020 18:40 Asia/Almaty
  • Тәжікстанның жүздеген азаматы Душанбеге қайтып оралды

Fars ақпарат агенттігінің Душанбеден хабарлауынша, Тәжікстанның СІМ жұма күні карантин жарияланып, шекара жабылғаннан кейін Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы «Жібек жолы» шекаралық бекетінде қалуға мәжбүр болған 237 тәжік азаматтың Душанбеге қайтып оралғанын хабарлады.

Осыған орай Тәжікстан СІМ Қазақстан мен Өзбекстан басшыларына тәжік азаматтарының осы екі ел шекарасынан қиындықсыз өтуіне жағдай жасағаны үшін алғыс айтты.