АҚШ Иранның кеме қатынасына қарсы тағы санкция салды
(last modified Tue, 09 Jun 2020 13:52:16 GMT )
Маусым 09, 2020 19:52 Asia/Almaty
  • АҚШ Иранның кеме қатынасына қарсы тағы санкция салды

АҚШ Иранға қарсы «мейлінше қысым» көрсету саясатының негіздері бойынша 2018 жылдың мамыр айында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін бұрын-соңды болмаған санкция салып, уақыт өткен сайын жаңа санкцияларымен олардың тізімін ұзартып келеді.


АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео дүйсенбі күні Вашингтонның жаңа әрекеттеріне тоқталып: «8 маусымнан ИИР-ның IRISL кеме қатынасы компаниясы мен АҚШ Иранның кеме қатынасы компанияларының қарамағында санайтын қытайлық E-sail компаниясына қарсы санкция салынды»,- деп жариялады. АҚШ үкіметі 6 ай бұрын ИИР кеме қатынасы компаниясы мен оның қарамағындағы бірнеше компания №13382 бұйрық бойынша санкция салды. Бұл санкция іске асырылудан бұрын 180 күн демалыс кезеңі жарияланған болатын. Мұнымен қатар АҚШ қаржы министрлігінің қарамағындағы шетелдік активтердің бас кеңсесі OFAC дүйсенбі күні бұрыннан санкциялық тізімде болған ирандық 125 жүк тасымалдайтын кеме мен танкеріне «жаппай қырып-жоятын қаруларға қатысты» деген себеппен санкция жариялады.

АҚШ-тың Иранның кеме қатынасына қарсы жаңа санкциялары Трамп үкіметінің ирандық танкерлердің Венесуэлаға аттануының алдын алу саясатының сәтсіздікке ұшырауына байланыстың қабылданды деген ой туындайды. Негізінде Вашингтон бұл санкцияларымен Теһраннан кек алғысы келеді. Иран осыдан біраз уақыт бұрын Венесуэла үкіметінің сұрауымен АҚШ-тың екі елге қарсы біржақты санкцияларына мән бермей, жанармай тиелген бірнеше танкерін Венесуэлаға аттандырды. Вашингтон қоқан-лоққы жасап, тіпті бұл танкерлердің жолын жабу үшін әскери кеме жіберумен қорқытқанымен, іс жүзінде ешнәрсе жасай алмады. Ирандық танкерлер жанармайды Каракасқа жеткізіп, қазір Иранға қайтып келе жатыр. Саяси саарпшылар бұл әрекетті Иранның үлкен жетістігі деп атады.

Трамп үкіметі 2018 жылы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан бері Иран экономикасының әртүрлі секторларына түрлі санкция енгізіп, тіпті «Иранмен байланысты» деген сылтаумен шетелдік азаматтар мен компанияларды санкцияларының нысанасына алды. Халықаралық ұйымдар мен сарапшылар, олардың ішінде Дүниежүзілік валюта қоры Иранның қарсыласуына байланысты АҚШ санкцияларының Иранның экономикасына әсер етпегенін, АҚШ-тың қысымын арттыру үшін көбірек санкция салу мүмкіндігінің болмағанын мойындады. Вашингтон Иранға қарсы «мейлінше қысым» көрсету ұстанымының негізінде тарих бойында Иранға қарсы ең күшті санкция салыпғ 2018 жылдың мамыр айында Помпео айтқан АҚШ-тың 12 баптық жобасына бағындыруды ойлады. Иранның санкциялармен қарсыласуы Трамп үкіметінің үмітсіздігіне әкелді. Алайда сәтіздігіне қарамастан Трамп үкіметі  нәтижеге жетпеген саясатын жалғастырғысы келеді.