Ресей АҚШ-тың Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзарту талпынысын айыптады
https://itolqyn.com/news/world-i47099
Ресей АҚШ-тың Иранға қарсы қысым қолдануын саяси ұстаным деп атап, әлемдіктерді Вашингтонның Иранның қару-жарақ санкциясын ұзарту талпынысын айыптауға шақырды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 10, 2020 21:59 Asia/Almaty
  • Ресей АҚШ-тың Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзарту талпынысын айыптады

Ресей АҚШ-тың Иранға қарсы қысым қолдануын саяси ұстаным деп атап, әлемдіктерді Вашингтонның Иранның қару-жарақ санкциясын ұзарту талпынысын айыптауға шақырды.

Associated Press-тің мәліметінше, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш пен Қауіпсіздік кеңес мүшелеріне жолдаған хатында: «АҚШ Иранның ядролық келісімінен біржақты шықты. Қазіргі кезде АҚШ-тың Иранға қару-жарақ санкциясын жалғастыру  үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын пайдаланатын ешбір заңды құқығы жоқ. Сондықтан АҚШ Мемлекеттік хатшысының Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамай, №2231 қарарындағы құқықтарын  пайдаланығысы келетіні масқара және жауапсыздық»,- деп қуаттады.