АҚШ Конгресінде Иранға қарсы жаңа санкциялық жоба таныстырылды
АҚШ Конгресінің республикашыл өкілдері сәрсенбі күні Иранға қарсы жаңа санкциялар салу жобасының тұсауын кесті.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 111 беттен тұратын жобада Иранға қатысты саясат саласында 25 кеңес, соның ішінде АҚШ-тың Ливанға көмегін тоқтатуға, Йеменнің Ансаролла тобын лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізуге кеңес берілген.
Конгрестегі Республикашылдардың зерттеу комитетіне қарасты 13 өкіл аталмыш жобада АҚШ үкіметінен Иранға қарсы қатаң сыртқы саясат ұстануын сұрады.
Осы жобада АҚШ-тың Ливанға әскери көмектерін тоқтату, Йеменнің Ансаролла тобын лаңкестік ұйымдар тізіміне қосу, Ливанның бұрынғы Сыртқы істер министрі Джебран Басильге санкция салу және Иракқа берілген санкциялық босатулардың күшін жою туралы жазылған.
Республикашыл өкілдер мұнымен қоса Ресейдің Ислам революциясының Сақшылар корпусын, Ливан Хизбулласы мен Талибанға қолдау көрсетіп отырғанын айтып, Ресейді «мемлекеттік терроризмді қолдаушы» деп жариялауды сұрады.