Халықаралық қылмыстық сотқа санкция салу – Трамптың халықаралық ұйымдарға қарсы шабуылының жалғасы
(last modified Fri, 12 Jun 2020 14:54:54 GMT )
Маусым 12, 2020 20:54 Asia/Almaty
  • Халықаралық қылмыстық сотқа санкция салу – Трамптың халықаралық ұйымдарға қарсы шабуылының жалғасы

АҚШ Президенті Дональд Трамп халықаралық ұйымдарға сенімсіздік білдіріп, қоқан-лоққы көрсетіп, олардан шығу саясатын ұстануда.

 


 

 

АҚШ осы кезге дейін БҰҰ-ның қарамағындағы ЮНЕСКО мен Адам құқығы кеңесінен шықты. Енді Халықаралық қылмыстық сотқа қоқан-лоққы көрсетті. Қазіргі кезде бұл сот АҚШ пен сионистік режимнің қылмыстарын қарастыруды мақсат етуіне байланысты Трамп қоқан-лоққы жасады. Дональд Трамп дүйсенбі күні Халықаралық қылмыстық сотқа санкция салуға рұқсат беретін шешіміне қол қойды. Трамп бұл шешімді Халықаралық қылмыстық соты АҚШ-тың Ауғанстандағы қылмыстарын тексеретіні үшін қабылдады.  Бұл шешім АҚШ Мемлекеттік хатшысына Қаржы министрімен ақылдасып, АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери қылмыстарын тексеруге қатысатын Халықаралық қылмыстық сот қызметкерлерінің есеп-шоттарын бұғаттауға рұқсат етеді. Негізінде Вашингтон өз бұйрығын Халықаралық қылмыстық сот америкалық әскерилердің Ауғанстандағы қылмыстарын тексеруді бастауының алдын алу үшін берді. Бұл жолы америкалықтар үнемі айтатын сылтауларымен бірге орыстардың бұл халықаралық органның жұмысына араласуы туралы күлкілі сылтау келтірді. АҚШ Әділет министрі Уильям Барр АҚШ-тың  Халықаралық қылмыстық соттағы жемқорлық туралы мәліметке ие екені туралы уәж айтып, Ресейді бұл соттың істеріне араласумен айыптады.

Трамп үкіметі АҚШ-тың сыртқы саясаты саласында басқа елдер мен халықаралық ұйымдарға зорлық-зомбылық көрсету мақсатын көздеп, Халықаралық қылмыстық сотқа да дәл осы ұстанымын қолдануда. Халықаралық қылмыстық сот 2002 жылы нәілшілдік, әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстарды қарастыру мақсатында құрылды. Бірақ АҚШ пен сионистік режим оған қосылмады. Қаржы санкциялары, соттың АҚШ істерін тексермеу – осы кезге дейін бұл сотқа қарсы Вашингтон тарапынан айтылған қоқан-лоққылар. АҚШ-тың бұл ұстанымы БҰҰ, тіпті Вашингтонның еуропалық одақтастарының реакцияларымен бетпе-бет келді. Трамп үкіметі басшыларының көзқарасы бойынша америкалықтар, тіпті соғыстардағы, солардың ішінде Ауғанстан соғысындағы әскери қылмыстары үшін жауап берген жағдайда да әлемнің басқа халықтарынан артық.  Трамп үкіметі бұл ұстанымын сионистік режим үшін де қолдануда. Трамптың соңғы әрекеті АҚШ-тың халықаралық саладағы мақсаттарына жету үшін қолданатын зорлық-зомбылығының анық көрінісі болды. Вашингтон халықаралық ұйымдардың, солардың ішінде әскери және адамзатқа қарсы қылмыстарды тексеретін Халықаралық қылмыстық соттың жұмысын елемейтінін көрсетті.