ДДСҰ «Дексаметазон» дәрісінің коронавирустан емдеудегі әсерін оң бағалады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы британ зерттеушілерінің коронавирустан емдеу жолында «Дексаметазон» деп аталатын стероидтар тобына жататын дәрінің алғашқы нәтижелерін ашудағы ғылыми жетістіктеріне қолдау көрсетті.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом COVID-19 вирусын жұқтыруға байланысты қиын жағдайға түскен адамдарды құтқаруда «Дексаметазон» деген дәрінің алғашқы нәтижеде оң әсер бергеніне қуаныш білдіріп: «Бұл дәрі осы аурудан өлім-жітім санын азайтқан алғашқы емдеу тәсілі ретінде расталды»,-деді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жуырда «Дексаметазон» дәрісіне қатысты зерттеуін толықтырып, оны қолданудың нұсқаулығын жариялайды.