Ресей: АҚШ пен НАТО-ның болуы Ауғанстанда жағдайды қалыптандыруға кедергі жасап отыр
(last modified Thu, 18 Jun 2020 13:23:27 GMT )
Маусым 18, 2020 19:23 Asia/Almaty
  • Ресей: АҚШ пен НАТО-ның болуы Ауғанстанда жағдайды қалыптандыруға кедергі жасап отыр

Ресей: «Ауғанстанда АҚШ пен НАТО күштерінің болуы арандатушылық тудырады және бұл елді қалыптандыруға кедергі болып отыр»,-деп қуаттады.

ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей СІМ ақпарат хатшысы Мария Захарова: «АҚШ пен НАТО-ның әскерилерін шығару және Ауғанстандағы жағдайды қалыптандыру осы елдің басшыларына лаңкестік қатерлері және есірткі заттарына қатысты қылмыстармен әсерлірек күресуге мұрсат береді»,-деді.

Захарова: «АҚШ пен НАТО күштерінің шығарылуы Орта Азияда қауіпсіздік  қатерлерін арттырмайды»,-деді.

Ресей америкалық күштерді Ауғанстанның солтүстігінде ДАИШ лаңкестік тобына база жасауға талпынып жатыр деп сан рет айыптады.

Ауғанстан халқы америкалық күштерді елдегі соғыс пен дағдарыстың жалғасуына жауапты санайды.