Иордания Королі сионистік режиммен бітімге келу келісімінен шығатынын ескертті
Иордания Королі егер сионистік режим Иордан өзенінің батыс жағалауын өз жеріне қосып алатын болса, бұл режиммен бітімге келу келісімінен шығатынын жариялады.
Al-Mayadееn ақпарат арнасының мәліметінше, жоғары лауазымды дипломатиялық дереккөздері: «Иордания Королі елінің шешімін анықтап, сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауын қатысты кез келген біржақты әрекетін қабылдауға болмайтын әрекет деп атап, астанасы Құдс болатын Палестина тәуелсіз мемлекетін құруды қуаттады»,- деп мәлімдеді. Иордания Сыртқы істер министрі Иман әл-Сафди де бейсенбі күні елі Королінің хатын Палестина Автономиялық құрылымының басшысы Махмуд Аббасқа тапсырды. Хатта Иорданияның Иордан өзенінің батыс жағалауын қосып алуына қатысты тұрақты ұстанымы мен палестиналықтармен қарым-қатынасты арттыратыны қуатталды.