АҚШ Мемлекеттік департаменті: Иран ядролық қару жасап жатқан жоқ
(last modified Wed, 24 Jun 2020 09:31:33 GMT )
Маусым 24, 2020 15:31 Asia/Almaty
  • АҚШ Мемлекеттік департаменті: Иран ядролық қару жасап жатқан жоқ

АҚШ Мемлекеттік департаменті мемлекеттердің қару-жарақты бақылау келісіміне табанды болуын тексеруі жөніндегі жаңа мәлімдемесінде Иранның ядролық қару шығару мақсатында жұмыс істеп жатпағанын мойындады.

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚШ Мемлекеттік департаменті өз мәлімдемесінде Иранның NPT хаттамасына табандылығы туралы бөлімінде: «Иран өткен кезеңдегі ядролық қару саласындағы жұмыстары жөнінде маңызды сұрақтарға жауап беруі керек»,- деп жазды. АҚШ Мемлекеттік департаменті, сондай-ақ, Иранның ядролық ғылымының артуына алаңдаушылық білдірді. Бұл мәлімдемеде: «Иранның дамыған центрифугалар шығару тәжірибесі бұл елдің ғылымының белгісі. Сондықтан бұл ғылымы ядролық қару шығаруды көздеген жағдайда Иранның  уақытын қысқартады»,- деп айтылды.

 

 

ایران آمریکا