Еуропарламент сионистік режимнің Иорданның батыс жағалауын аннексиялау жобасына қарсылық білдірді
(last modified Thu, 25 Jun 2020 08:17:26 GMT )
Маусым 25, 2020 14:17 Asia/Almaty
  • Еуропарламент сионистік режимнің Иорданның батыс жағалауын аннексиялау жобасына қарсылық білдірді

Еуропа Парламентінің өкілдері сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауын аннексиялау жобасына қарсылық білдірді.

ВВС ақпарат агенттігінің мәліметінше, Еуропаның 25 елінің 1080 өкілі сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауын аннексиялау жобасына қарсылық білдіретін петицияға қол қойды. Еуропа Парламентінің өкілдері жобаға алаңдаушылық білдіріп, бұл салада тиісті қадам жасауды сұрап, Батыс Азия аймағындағы тұрақсыздық ықтималы жөнінде ескерту жасады.

Сионистік режим 1 шілдеден АҚШ Президенті Дональд Трамп үкіметінің қолдауымен Иордан өзенінің батыс жағалауының 30 пайызын аннексиялауды бастауды көздеп отыр. Палестиналық басшылар мен топтар бұл әрекетті АҚШ-тың «Ғасыр мәмілесі» деп атаған жобасының бір бөлімі деп атап, АҚШ пен Израильмен ынтымақтастықты тоқтатуды талап етті.