АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзартуға көндіруге талпынды
АҚШ үкіметінің Иран істері жөніндегі арнайы өкілі Брайан Хук пен АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Келли Крафт Иранға қарсы негізсіз айыптарды қайталап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерін Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзартуға көндіруге талпынды.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хук сәрсенбі күнгі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің онлайн отырысында осы ұйымның Иранға қарсы қару-жарақ санкциясының мерзімі аяқталуына жақын қалғанына алаңдаушылық білдіріп, Иранды Батыс Азияда бүлдіргі әрекеттер жасап жатыр деп айыптады.
Келли Крафт отырыста АҚШ-тың Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзарту туралы ұсынған қарарын түсіндіріп, санкциялардың ұзартылуын сұрады.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарының бір бөлігі болған Иранға қарсы қару-жарақ санкциясының күшін жою мерзімінің жақындай түсуіне байланысты америкалықтар осы санкцияның аяқталуының алдын алуға талпынып жатыр.
БҰҰ-ның Иранға қарсы қару-жарақ санкциялары 2020 жылдың 18 қазанында күшін жояды.