АҚШ-тың лаңкестік туралы жылдық есебі – ашық түрде өз кінәсін өзгеге жабу
(last modified Fri, 26 Jun 2020 13:43:32 GMT )
Маусым 26, 2020 19:43 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың лаңкестік туралы жылдық есебі – ашық түрде өз кінәсін өзгеге жабу

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Иран АҚШ-тың лаңкестік туралы жылдық есебін осы режимінің ашық түрде өз кінәсін өзгеге жауып, лаңкестікпен күресте екіжүзді критерий ұстанатынына байланысты қабылдауға келмейтін есеп деп атап, айыптайды»,-деді.

Сейіт Аббас Мусави бейсенбі күні кешке АҚШ режимінің лаңкестік туралы жылдық есеп жариялауына реакциясында: «АҚШ режимі мемлекеттік терроизм мен сионистік режимді қолдайтын ең ірі ел ретінде лаңкестікпен күрес саласында пікір айтатын жағдайда емес»,-деді.

АҚШ ұзақ мерзімді макро мүдделерін ілгерілету үшін лаңкестік пен адам құқығын құрал ретінде пайдаланып отыр. 

Әлемнің әртүрлі шекараларынан Сирияға лаңкес жөнелту жолын жеңілдету және лаңкестікке «жақсы-жаман» деп айдар тағып, түрлі топ құру – АҚШ-тың лаңкестікпен күреске екіжүзді әрі саяси қатынас көрсетіп отырғанының бір үлгісі ғана.

АҚШ-тың екіжүзді саясаты Батыс Азияда лаңкестіктің жойылуына септігін тигізбегені былай тұрсын, әлі күнге дейін Сирия мен Ирактың жазықсыз халқын құрбан етіп отыр. Бір кездері осы лаңкестіктің таралуында АҚШ рөл ойнаған.

ДАИШ және ән-Носрат және басқа да лаңкестік ұйымдардың құрылуы – АҚШ-тың Батыс Азиядағы саясатының салдары. 2016 жылғы президенттік сайлау науқаны кезіндегі Дональд Трамптың ұстанымы АҚШ-тың лаңкестік топтарды құрудағы рөлін көрсетеді. 

Аймақ халықтарымен бірге Иран халқы да лаңкестіктің құрбаны болды. АҚШ бұған тікелей немесе жанама түрде қатысты. АҚШ-тың «Мұнафықтар» лаңкестік тобын қолдағаны ешкімге жасырын емес. 17 мыңнан аса ирандық азамат осы және өзге де лаңкестік топтардың әрекеттерінен шәһид болды.  

АҚШ режимінің «мемлекеттік лаңкестік» деп танылған лаңкестік әрекетінің айқын үлгісі Ислам революциясы Сақшылар корпусының марқұм қолбасшысы әрі әлемдік деңгейде лаңкестікпен күрестің қаһарманы атанған генерал Қасым Солейманиді шәһид етуі болды.  

АҚШ-тың Иран халқына қарсы біржақты санкцияларды, экономикалық  және медициналық лаңкестікті қолдануы, коронавируспен күрес кезінде мұны үдетуі де осы елдің лаңкестік шараларын дәлелдей түседі.

Адам құқығына қарсы осындай шаралар АҚШ-қа жыл сайын терроризм туралы немесе әртүрлі елдерде адам құқығының бұзылуы туралы  біржақты есеп беруге рұқсат бермейді. Бүгінде қоғамдық пікір АҚШ-ты әлемде лаңкестікке қолдау көрсетуші ел деп танып, ол халықаралық қауымдастық алдында жауап беруі керек деп санайды.