Ресей The New York Times-тың уәждерін теріске шығарды
(last modified Sun, 28 Jun 2020 13:06:26 GMT )
Маусым 28, 2020 19:06 Asia/Almaty
  • Ресей The New York Times-тың уәждерін теріске шығарды

Ресей СІМ The New York Times газетінің Мәскеудің Ауғанстанда америкалық сарбаздарды өлтіру үшін Талибан тобымен әріптескені туралы уәждерін теріске шығары.

ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей СІМ басшылары сенбі күні: «The New York Times газетінің Мәскеуге қарсы уәждері бар болғаны қауесет.  Бұл ақпараттар АҚШ барлау қызметінің тапсырысымен жарияланғанға ұқсайды.

Бұл қауесет АҚШ тыңшылық бөлімдеріндегі қызметкерлердің санасының төмен екенін айқын көрсетеді. Олар мықтырақ дәйектердің орнына осындай бос уәждерге иек артады»,-деді.

Ресей СІМ-нің мәлімдеуінше, АҚШ-тың тыңшылық бөлімдері Ауғанстанда есірткі контрабандасына қатысады.

The New York Times газеті жұма күнгі мақаласында Ресей армиясының белгісіз барлау бөлімінің Талибан тобын Ауғанстанда америкалық сарбаздар мен АҚШ-тың бақылауындағы халықаралық коалиция күштерін өлтіруге арандатқанын жазды.