Кавказ бен Орта Азиядағы АҚШ биологиялық зертханаларында не болып жатыр?
(last modified Sat, 04 Jul 2020 10:26:40 GMT )
Шіл 04, 2020 16:26 Asia/Almaty
  • Кавказ бен  Орта Азиядағы АҚШ биологиялық зертханаларында не болып жатыр?

Бір адвокат БҰҰ Бас хатшысына жолдаған хатында БҰҰ Жарғысы мен Адам құқықтары мен биологиялық қару туралы халықаралық келісімге сілтеме жасап, бұрынғы Кеңес одағының кейбір республикаларындағы АҚШ зертханаларының жұмысын тексеруді талап етті.

 

«Кавказ ақиқаты» агенттігінің мәліметінше, коронавирус пандемиясы  Қырғызстанда биологиялық зертханалар салу мәселесін көтерді. Қазіргі уақытта бұл мәселені аталмыш бастамаларды қолдайтын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен әртүрлі салалар мамандары мен журналистер көтерді.  Арменияда да биологиялық зертханалар жұмысындағы жаһандық ойыншылардың рөлі туралы пікірталастар басталды. Адвокат Александр Качубаев БҰҰ Бас хатшысының назарын АҚШ үкіметімен қаржыландырылатын «жаппай қырып-жоятын қару өндіретін зертханалар» мәселесіне аударды. Қазіргі кезге дейін Александр Качубаев  Бас прокуратура мен Әкімшілік сот тарапынан жауап алған жоқ. Бірақ ол бұл әрекетке реакция көрсетіледі деп сенеді. Бұл адвокат ТМД-нің кейбір елдерінде, олардың ішінде Қырғызстан мен Қазақстанда халықтың талабымен ұқсас зертханаларды жабу мүмкіндік туғанын еске салды.