Мәскеу: АҚШ-тың Ауғанстандағы қауіпсіздік күштері есірткі контрабандасымен айналысады
https://itolqyn.com/news/world-i47428-Мәскеу_АҚШ_тың_Ауғанстандағы_қауіпсіздік_күштері_есірткі_контрабандасымен_айналысады
Ресей үкіметінің Ауғанстан істері жөніндегі арнайы өкілі АҚШ-тың Ауғанстандағы қауіпсіздік күштерінің кейбір еуропалық мемлекеттерге есірткіні заңсыз тасымалдаумен айналысатынын әшкереледі.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 06, 2020 20:12 Asia/Almaty
  • Мәскеу: АҚШ-тың Ауғанстандағы қауіпсіздік күштері есірткі контрабандасымен айналысады

Ресей үкіметінің Ауғанстан істері жөніндегі арнайы өкілі АҚШ-тың Ауғанстандағы қауіпсіздік күштерінің кейбір еуропалық мемлекеттерге есірткіні заңсыз тасымалдаумен айналысатынын әшкереледі.

 

Замир Кабулов ТАСС ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Бізді айыптайтын АҚШ қауіпсіздік күштері өздері есірткті контрабандасымен айналысады. Олардың ұшақтары Қандағар мен Баграмнан кез келген жерге, олардың ішінде Германия мен Румынияға ешбір тексеріссіз ұшады»,- деп мәлімдеді.

АҚШ өткен күндері: «Ресей талибан күштеріне ақша төліп, оларды америкалық күштерді өлтіруге итермелейді»,- деп уәжденді. Талибан мен Ресей басшылары бұл уәждерді теріске шығарды.