БҰҰ арнайы баяндамашысы: Сардар Солейманиге қарсы террор халықаралық заңдарды бұзу болды
(last modified Tue, 07 Jul 2020 12:16:23 GMT )
Шіл 07, 2020 18:16 Asia/Almaty
  • БҰҰ арнайы баяндамашысы: Сардар Солейманиге қарсы террор халықаралық заңдарды бұзу болды

БҰҰ арнайы баяндамашысы АҚШ-тың сардар Солейманиге қарсы террорын халықаралық заңдарды бұзу болғанын жариялады.

 

Агнес Каламар сейсенбі күні Reuters ақпарат агенттігіне берген сұхбатында елдердің ұшқышсыз ұшақтарымен жасаған мақсатты қастандықтарына жауап беруді талап етіп: «АҚШ-тың 3 қаңтардағы ұшқышсыз ұшақпен сардар Солейманиге жасаған терроры БҰҰ Жарғысын бұзу болып табылады. АҚШ генерал Ғасем Солейманидің қауіп-қатер болуы туралы уәждерін дәлелдейтін жеткілікті мәліметтер ұсынбады»,- деді. Каламар өз мәлімдемесін БҰҰ Адам құқығы кеңесіне ұсынады.