Пәкістанда Палестина мен Кашмирді қолдайтын вебинар өтті
«Палестина және Кашмирмен ынтымақтастық» деп аталған вебинар Иран, Пәкістан, Малайзия, Ливан, Түркия және Индонезия ойшылдары мен зерттеушілерінің қатысуымен Пәкістанның Карачи қаласында өтті.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, бұл вебинарда ислам әлемінің ойшылдары, зерттеушілері, басшылары мен діни қызметкерлері үстем құдыреттердің Палестина мәселесін ұмыттыру қастығына алаңдаушылық білдіріп, мұсылман елдердің сионистік режимнің алдында қырағы болу қажеттілігін қуаттап, бұл заңсыз режимді ресми қабыладу мүмкін емес екенін жариялады. Ирандың саяси сарапшылар Сейед Мұхаммад Маранди мен Фуад Изади бұл вебинарда АҚШ-тың исламдық жерлерді бөлшектеу жобасына тоқталып: «Палестина – ислам әлемі мен бүкіл мұсылмандардың негізгі тақарабы. Бұл және Кашмир мәселелерін шешу үшін мұсылмандардың бірлігі қажет»,- деді. Ирандағы ХАМАС өкілі Холед Қадоми: «Сионистік режим тек араб және араб еместердің, шиіттер мен сүнниттердің дұшпаны емес, сионистер адамзаттың дұшпаны. Бірақ Палестина халқының, әсіресе ХАМАС-тың заңсыз және лаңкес режиміне қарсыласуы жалғасады»,- деді.