АХҚА Бас директоры Иранның ядролық мәселесін жылдам шешуді талап етті
(last modified Thu, 16 Jul 2020 09:55:55 GMT )
Шіл 16, 2020 15:55 Asia/Almaty
  • АХҚА Бас директоры Иранның ядролық мәселесін жылдам шешуді талап етті

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) Бас директоры Иранның жарияланбаған ядролық жұмыстары туралы уәждерін қайталап, бұл мәселені жылдам шешу қажеттілігіне тоқталды.

 

Рафаэль Гросси сәрсенбі күні Венада Wall Street Journal газетіне берген сұхбатында: «АҚХА Иранның нысандарын аралап, бұл елдің ядролық жұмыстары туралы мәлімет алу мақсатынан артқа шегінбейді»,- деді. Гросси сондай-ақ асығыс әрекеттердің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының жойылуына себеп бола алатыны туралы ескертулері жөнінде: «Асығыс әрекеттерден бас тарту керек. Асығыс жоқ, бірақ егер 2020 жылдың шілде айының соңына дейін Иранның тарапынан ынтымақтастық жасалмаса, жұмыс күрделене түседі»,- деп мәлімдеді.