Мәскеу АҚШ-тың Ресейге қарсы газ санкцияларын күшейтуін сынады
Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова сәрсенбі күні АҚШ-тың «Nord Stream-2» және «Turkey Stream» газ құбырларына қарсы санкцияларын кеңейтіп, негізінде әділетсіздік бәсекелестік үшін саяси қысымдарды пайдалануын жариялады.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео сәрсенбі күні: «АҚШ Мемлекеттік департаменті «Nord Stream-2» және «Turkey Stream» газ құбырларын CAATSA деп аталған «АҚШ дұшпандарына қарсы санкция енгізу» заңға байланысты санкциялық жобаға енгізбекші. Вашингтон әсіресе Дональд Трамптың билігі кезінде Еуропадағы Ресейдің энергетикалық, оның ішінде газ саласына қарсылығын арттырды. Сөйтіп 2020 жылдың қорғаныс бюджетінде Ресейдің Еуропада салынып жатқан газ құбырына, олардың ішінде «Nord Stream-2» құбырын да қарастырды. Трамп 2019 жылдың мамыр айында 11 миллиард доллар бюджетпен салынып жатқан бұл газ құбырды сынап, оның «геополитикалық қару» деп атап: «Бұл жоба Еуропаның Ресей газына деген тәуелділігін арттырады»,- деді. Ресей Мемлекеттік Думасының Халықаралық істер комитетінің төрағасы Леонид Слуцкийдің айтуынша, «АҚШ «Nord Stream-2» және «Turkey Stream» газ құбырларына қарсы санкцияларды күшейту арқылы әшкере және әділсіз бәсекелестікті ұстанып, тіпті серіктестері мен одақтастарының мүдделерімен санаспайды». Ол Германияның Вашингтонның құбырға қарсы санкцияларына және тіпті Еуропадағы Ресей мұнай құбыры жобаларына қатысқан неміс компанияларына қарсы санкциялар қаупіне ашық қарсылығын білдіреді. АҚШ-тың санкциялары мен оның кейбір мердігерлерінің шығуына байланысты «Nord Stream-2» газ құбыры жобасының ілгерілеуі баяулады. Алайда Ресей бұл құбырдың құрылысын өзі аяқтау уәде берді. «Nord Stream-2» газ құбыры Ресей газын Балтық теңіз арқылы Германияға жеткізеді. Ресей Еуроодақ мемлекеттеріне ең маңызды газ экспорттаушы. Сондықтан Германиядан басқа Еуроодақ та жобаның жалғасуын қуаттайды. Олар АҚШ-тың «Nord Stream-2» газ құбырына қарсы санкцияларын Еурпаның мүдделеріне қарсы, сондай-ақ еуропалық елдердің ішкі істеріне араласу және Еуроодақ заңдарын бұзу деп санайды. Вашингтон санкцияларды пайдаланып, Еуропадағы өз мақсаттарына жету, әсіресе Ресейдің Еуропаның газ нарығына әсерін арттыруына қарсылық білдіріп, бұл газдың орнына АҚШ-тың табиғи сұйық газын экспорттауды көздеуде деген ой туады.