Зариф: Сауд Арабиясы Иранмен қарым-қатынас орнатқысы келмейді
ИИР Сыртқы істер министрі Иранның Сауд Арабиясымен жақсы қарым-қатынас орнатуға дайын екенін, бірақ өкінішке орай Сауд Арабиясы үкіметінің Иранмен қарым-қатынас орнатқысы келмейтінін қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавда Зариф Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен Мәскеудегі бірлескен баспасөз отырысында Иранның әрқашан шекаралас елдермен жақсы қарым-қатынас орнатқысы келетініне тоқталып: «Көршілес елдермен жақсы қарым-қатынас орнату – Иранның сыртқы саясатының басыт тақырыбы»,- деді. Зариф Иранның Парсы шығанағы аймағы елдермен қарым-қатынасын дамыту ерік-жігерін қуаттап, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірлігімен екіжақты құрмет негіздерінше қатынас орнатуға әзірлігін жариялады. Ол Ресейдің Парсы шығанағы аймағы үшін қауіпсіздік жобасын еске салып: «Иран «Ормұз бейбітшілігі» жобасын ұсынған, бұл жоба Ресей жобасына қайшы емес»,- деп мәлімдеді.