Лавров Болтонның Сириядағы Иранның араласуы туралы уәждеріне жауап қайтарды
(last modified Wed, 22 Jul 2020 12:16:55 GMT )
Шіл 22, 2020 18:16 Asia/Almaty
  • Лавров Болтонның Сириядағы Иранның араласуы туралы уәждеріне жауап қайтарды

Россия RT (Russia Today) мәліметінше, Сергей Лавров сейсенбі күні Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен өткізген бірлескен баспасөз отырысында АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік мәселелер жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Джон Болтонның уәждеріне жауап беріп: «АҚШ-тың бұл саясаткерінің өз сөздерін дәлелдеу үшін Ресей Президенті Владимир Путинге құжат тапсыра алмайтыны анық, бұл оның өзінің сөздері емес»,- деді.

Болтон өзінің  "Ақ үй туралы естеліктер" кітабында: "Путин  "Ресей Иранның Сирияда орналасуын қажет етпейді" деп айтты",- деп уәжденді.

Ресей Сыртқы істер министрі бұл баспасөз отырыста сондай-ақ Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше болып енуге қажет шараларға ие екенін қуаттады. Лавров: «Ресей басынан бастап Иранның ШЫҰ-на мүше болып енуін қолдады»,- деп мәлімдеді.

 

Тегтер