Иран Сирия үкіметінің рұқсатысыз орналасқан шетелдік күштердің елден шығарылуын талап етті
(last modified Fri, 24 Jul 2020 12:35:44 GMT )
Шіл 24, 2020 18:35 Asia/Almaty
  • Иран Сирия үкіметінің  рұқсатысыз орналасқан шетелдік күштердің елден шығарылуын талап етті

БҰҰ Иранның тұрақты өкілі АҚШ-тың Сирия халқына қарсы біржақты санкцияларын ұятты санап, Сирия үкіметінің көзқарасынша заңсыз орналасты деп саналатын барлық шетелдік күштердің бұл елден шығу қажеттілігін қуаттады.

Маджид  Тахтраванчи бейсенбі күні «Астана үдерісі кепілдері» саналатын елдер (Иран, Ресей және Түркия) басшыларының саммитіне тоқталып: ««Астана үдерісі кепілдері» саналатын елдер Сирияның егемендігі, тәуелсіздігі, бірлігі мен территориялық тұтастығын қорғайтын өз міндеттемелерін қуаттап, заңсыз автономиялық және сепаратистік жобаларға қарсылығын білдірді»,- деп мәлімдеді. Тахтраванчи шетелдік күштердің Сириядан шығарылуын тоқталып: «АҚШ Сирияның бір бөлігін жаулап алып, елдің мұнайы мен байлағын тонауды, сондай-ақ лаңкестікпен күресуді сылтауратып, лаңкестік топтарды қолдауды жалғастыруда»,- деді.

 

Тегтер