ДДСҰ: Помпеоның уәждері толық негізсіз
(last modified Fri, 24 Jul 2020 13:13:46 GMT )
Шіл 24, 2020 19:13 Asia/Almaty
  • ДДСҰ: Помпеоның уәждері толық негізсіз

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының уәждеріне реакция білдіріп, бұл әрекеттерді заңсыз атады.

 

Жастар ақпарат агенттігінің мәліметінше, Тедрос Адханум бейсенбі күні видео формат түрінде өткен видеоконференцияда Майк Помпеоның Британия сапарындағы уәждеріне реакция білдіріп: «Бұл мәліметтер дұрыс емес, оларды қабылдауға болмайды және негізсіз»,- деді. Адханум АҚШ Мемлекеттік хатшысынан әлемдік коронавирус пандемиясын саясиландырмауды сұрады.

Майк Помпео соңғы кезде британиялық басшыларымен кездесуінде: «ДДСҰ-ның басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус 2017 жылы қытайлықтармен бұл ұйымды басқару үшін келісімге келді,- деді.