Рухани: Ирандық ұшақтың жолаушыларына қатер төндіру – АҚШ-тың әуе терроризмі
https://itolqyn.com/news/world-i47704
ИИР Президенті халықаралық әуе дәлізінде АҚШ қырғи ұшақтарының ирандық ұшақтың жолаушыларына қатер төндіруін «әуе терроризмі» деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 29, 2020 16:45 Asia/Almaty
  • Рухани: Ирандық ұшақтың жолаушыларына қатер төндіру – АҚШ-тың әуе терроризмі

ИИР Президенті халықаралық әуе дәлізінде АҚШ қырғи ұшақтарының ирандық ұшақтың жолаушыларына қатер төндіруін «әуе терроризмі» деп атады.

Хасан Рухани сәрсенбі күні Министрлер кабинетінің жиналысында АҚШ-тың бұрын соңды мұндай әрекет жасамағанын айтып: «АҚШ үкіметінің бұл тентектігі оның Иранға қарсы саясатының жеңіліс тапқанын көрсетеді. Олар үшін тек бір жол қалды: Иранның құқығын қабылдау, халықаралық заңдар мен келісімдерді орындау және Иран халқының шығындарын өтеу»,-деді.

Рухани дұшпандардың Иранның экономикалық жүйесін бұзып, тіректерін жоюды көздейтінін айтып: «Санкцияларға қарамастан, Иранның Еуразия аймағындағы елдерге экспорты 63 пайызға артты. Бұл дұшпанның экономика саласында сәтсіздікке ұшырап, Иранның экономикалық дамуын тежей алмағанын көрсетеді»,-деді.