COVID-19-бен өмір сүруді үйренуіміз керек
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры коронавируспен күресті жалғастыру қажеттігін айтып: «Біз COVID-19-бен өмір сүруді үйренуіміз керек»,-деді.
Reuters ақпарат агентігінің хабарлауынша, Тедрос Аданом Гебреисус жұма, 31 шілдеде осы ұйымның төтенше жиналысында: «Эпидемия – бір ғасырда бір рет орын алатын дағдарыс. Бірақ оның әсері бірнеше онжылдық бойы сақталып, әлемді әбігерге салады»,-деп мәлімдеді.
Тедрос Аданом түрлі елдерде COVID-19-ға шалдығу жайттарының көбейгеніне тоқталып: «Коронавируске қатысты көптеген ғылыми сұрақтар шешілді, бірақ шешілмеген жайттар да жетерлік»,-деді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы статистикасына сәйкес, осы күнге дейін әлемде 17 632 304 адам коронавирус жұқтырып, одан 679 680 адам көз жұмды.