Зариф: Батыс лаңкестерге пана беріп, қаржылай қамтамасыз етуді доғаруы тиіс
Там 02, 2020 17:34 Asia/Almaty
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі сенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында АҚШ бастаған Батыс елдерінің ИИР үкіметін құлатуды көздейтін лаңкестерді қолдап отырғанына тоқталып: «Батыс елдері лаңкестерге пана беріп, қаржылай қамтамасыз етуді доғаруы тиіс»,-деді.
Мұхаммад Джавад Зариф Батыс елдерінің Иранға қарсы диверсиялық әрекеттер жасауға тырысып жатқан лаңкестік топтарды ақтап алуға талпынып жатқанына тоқталып: «Бұл екіжүзділікті айла-шарғымен жасыру мүмкін емес»,-деді.
Тегтер