Иранның Ауғанстанға электр қуатын тасымалдайтын желісі үзілді
Там 03, 2020 21:57 Asia/Almaty
Ауғанстанның Герат облысында электр қуаты желісіне минометпен шабуыл жасалғаннан кейін Ираннан электр тарату тоқтатылды.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің хабарлауынша, Ауғанстанның мемлекеттік электр қуатын тарату компаниясының Герат облысындағы бөлімшесі дүйсенбі күні: «Иранның электр қуатын тасымалдау желілері осы облыстың Кахестан ауданында снаряд тиюіне байланысты үзілді»,-деп хабарлады.
Оқиғаның егжей-тегжейі жайлы нақты ақпарат жоқ.
Ауғанстанда тұтынылатын электр қуатының 75 пайызы Иран, Тәжікстан, Өзбекстан мен Түркіместаннан импортталады. Жалпы халықтың 60 пайызға жуығы электр қуатымен қамтамасыз етілген.
Тегтер