Эллиот Абрамс АҚШ-тың Иран істері жөніндегі арнайы өкілі болып тағайындалды
(last modified Fri, 07 Aug 2020 12:03:12 GMT )
Там 07, 2020 18:03 Asia/Almaty
  • Эллиот Абрамс АҚШ-тың Иран істері жөніндегі арнайы өкілі болып тағайындалды

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Брайан Хуктың отставкаға кеткенін растап, оның орнына АҚШ-тың Венесуэла істері жөніндегі арнайы өкілі Эллиот Абрамстың тағайындалғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Майк Помпео бейсенбі күні баспасөз конференциясында Хуктың өткен екі жылда Иранмен күресте тарихи жетістіктерге жеткенін айтып: «Ол ирандықтармен Майкл Уайт пен Сиюе Вангты түрмеден азат ету туралы келіссөздерді сәтті өткізді»,-деп уәж айтты.  

Помпеоның уәждері Иран басшыларының Хукпен ешқандай келіссөз өткізбеген жағдайында айтылып отыр.