Ислам революциясы жетекшісінің АҚШ-тың Хиросимаға атом бомбасын тастауына қатысты көзқарасы
(last modified Sat, 08 Aug 2020 12:19:42 GMT )
Там 08, 2020 18:19 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің АҚШ-тың Хиросимаға атом бомбасын тастауына қатысты көзқарасы

АҚШ 1945 жылдың тамыз айында Хиросима қаласына атом бомбасын тастап, бір мезетте 100 мың адамды өлтірді. АҚШ-тың дінсіз, Құдайсыз, ақлақсыз озбыр армиясының болмысы осындай.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи АҚШ-тың Хиросимаға атом бомбасын тастаған күніне орай жасаған баяндамасында: «Егер біреу үстемшіл державалардың армияларының қылмыстары жайлы баяндағысы келсе, бірнеше том кітап болады. Олардың қылмыстары жазылуы тиіс»,-деді.

Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларына атом бомбасын тастау жойқын апат болды. Бұл қылмыс адамзат тарихында мәңгіге қалады. Сол кезден бүгінге дейін мұндай апаттың қайталанбауына көптеген талпыныстар жасалды. Алайда қатер әлі де бар. Әлемнің қару-жарақ қоймаларындағы мыңдаған ядролық оқтұмсық адамзатқа қауіп төндіріп отыр.

АҚШ осындай тарихқа ие бола отырып, әлі күнге дейін  өзінің ядролық қаруларын жаңартуды және жаңа буынын жасауды көздеп отыр. Қазіргі таңда басып алынған Палестинадағы Димона елді мекенінде сионистік режимнің ядролық кешені АҚШ-тың қолдауымен жұмыс істеп тұр. Димона «Кіші Хиросима» деген атпен танымал.

Осындай адамзатқа қарсы қылмыс жасаған АҚШ адам құқығын қорғаушымыз деп жалған уәж айта отырып, атом бомбаларын жасауды арттыру жолында қадам басуда. Қазіргі атом бомбаларының қуаты Хиросима мен Нагасакиге тасталған бомба түрлерінен 3000 есе артық.  

АҚШ тарихының әлем халықтарының ішкі істеріне араласу мен оларға қарсы қылмыстарға толы екені мәлім. 1846-1848 жылдары Мексикада жасаған соғыс қылмыстарынан 10 мыңнан аса адам қаза тапты. 1955-1975 жылдары Вьетнам соғысында жүздеген мың адам қаза тапты, Филиппиндегі соғыс қылмыстарында 200 мыңға жуық адам қаза тапты. Бұл АҚШ-тың әскери араласу тарихының бір бөлігі ғана. АҚШ Иран-Ирак соғысы кезінде де Саддам режимін қолдап, Ирак армиясының Иранның ауылдары мен қалаларына шабуылдауда химиялық қаруларды кеңінен пайдалануына себеп болды. Гуантанамо мен Абу Грейбте жасырын түрмелер ашып, тұтқындарды ауыр азапқа салу – АҚШ-тың адамзатқа қарсы қылмыстарының тағы бір бөлігі. Сол себепті Ислам революциясының жетекшісі АҚШ пен үстемшіл күштер армияларының қылмыстарын баяндағанда айтылмаған сөздердің көптігін, ол туралы бірнеше том кітап жазуға болатынын, шындықтың жазылуы тиістігін баса айтты.