АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Иранға қарсы қарарды қорғады
(last modified Thu, 13 Aug 2020 10:37:24 GMT )
Там 13, 2020 16:37 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Иранға қарсы қарарды қорғады

АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі: «АҚШ-тың Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзарту туралы қарарының жеңіліс табуы Қауіпсіздік кеңесінің міндеттеріне қайшы»,-деп уәж айтты.

 Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Вашингтонның Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзарту туралы қарарына халықаралық деңгейде ауқымды қарсылықтар білдірілгеніне қарамастан, АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Келли Крафт Твиттердегі жеке парақшасында: «Қауіпсіздік кеңесі Иранның қатынасына немқұрайлы қарап, оның дамыған қару-жарақтарға қол жеткізуіне ерік бере алмайды»,-деп жазды.

Келли Крафт америкалық басшылардың Иранға қарсы айыптарын қайталап, бұл елдің Батыс Азия аймағында тынышсыздықтардың туындауын қолдайтынын айтты.

Бұл америкалық дипломат: «Иранға қару-жарақ сатып алуға қойылған шектеулерді ұзарту қарарының жеңіліс табуы Қауіпсіздік кеңесінің әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту саласындағы міндетін масқаралаумен бірдей»,-деп уәж айтты.