Зариф: АҚШ-тың ядролық келісімді жоюы жабайы табиғат заңына қайтып оралумен бірдей
(last modified Thu, 13 Aug 2020 13:01:10 GMT )
Там 13, 2020 19:01 Asia/Almaty
  • Зариф:  АҚШ-тың ядролық келісімді жоюы жабайы табиғат заңына қайтып оралумен бірдей

Иран Сыртқы істер министрі: «АҚШ-қа Иранның ядролық келісімін толық жоюға рұқсат беру жабайы табиғат заңына қайтып оралумен бірдей»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің бейсенбі күні хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф Францияның «Le Monde» газетінде басылып шыққан мақаласында: «АҚШ-тың қазіргі үкіметі 2015 жылғы ядролық келісімді түбегейлі жоюға талпыну арқылы көпжақтылық пен халықаралық құқықтан қалған нәрселерге қауіп төндіріп отыр»,-деп жазды.

Зариф Иранның сұрқия әрі соқыр санкциялардың нысанасына алынғанын айтып: «АҚШ-тың қазіргі үкіметі әлемдік қауымдастықтың болашағы туралы ешқандай жоба-жоспар ұсынбайды. Бұл елдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қатынасы – оның қате әрекеттерінің айқын үлгісі»,-деді.