Зариф: Еуропалықтар америкалықтарға жақтаспады
Иран Сыртқы істер министрі: «АҚШ-тың үстемдік кезеңі аяқталды. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы АҚШ-ты жеңіліске ұшыратты»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні кешке: «Америкалықтар 17 жыл бұрын стратегиялық есептеуде қателік жіберді. Бұл жолы еуропалықтар америкалықтарға жақтаспады. Мұндай жағдайлар саусақпен санарлық»,-деді.
Ол АҚШ-тың Иранға қарсы қару-жарақ санкцияларын ұзартуға үздіксіз талпыныс жасағанын айтып: «АҚШ бұл мәселеде сәтсіздікке ұшырады. Мұның ең маңызды себебі – америкалықтардың Трамп үкіметінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан кезінен басталған қате саясаты»,-деді.
Зариф америкалықтардың әлемге үстемдік ету заманының аяқталғанына тоқталып: «АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде оң дауыс жинай аламыз деп ойлады, алайда бұл жолда сәтсіздікке ұшырады. Тіпті Еуропа елдері бұл қарарға оң дауыс бермеді»,-деді.