Ресей Еуропада химиялық шабуылдардың жасалу ықтималдығы жайында ескерту жасады
(last modified Thu, 14 Apr 2016 09:31:05 GMT )
Сәу 14, 2016 15:31 Asia/Almaty
  • Ресей Еуропада химиялық шабуылдардың жасалу ықтималдығы жайында ескерту жасады

Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Еуропада химиялық шабуылдардың жасалу ықтималдығы жайында ескерту жасады.

Press TV телеарнасының хабарлауы бойынша, Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Виталий Чуркин сәрсенбі күні: «Мәскеу сириялық лаңкестердің Еуропа елдеріне химиялық шабуылдар жасау ықтималдығы жайында талай рет ескерту жасады»,-деп мәлімдеген.

Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі ешбір елдің Сирия үкіметінің еуропалық елдерге химиялық шабуыл жасау ықтималдығы жөнінде айтпағанына тоқталып: «Алайда Еуропадағы қалалық темір жол желілерінде лаңкестер тарапынан осындай шабуылдардың жасалу қаупі бар. Бірде-бір лаңкес босқын ретінде химиялық заттармен Еуропаға енбеді ме?»-деп, сауал тастады.

Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі, сондай-ақ, Сириямен көршілес елдерден содырлардың химиялық заттарға қатысты күмәнді әрекеттерін бақылауға алып, сол жайлы мәлімет беруді сұрады.

Ресей мен Қытай БҰҰ-на Сирияда лаңкестердің химиялық заттарды қолдануына тыйым салу туралы жоба ұсынды.