Иран ауғанстандық топтар арасында келіссөз ұйымдастыру жолында әріптестік жасауға дайын
Там 23, 2020 15:40 Asia/Almaty
ИИР Сыртқы істер министрінің Ауғанстан істері жөніндегі арнайы өкілі бұл елде тынышсыздықтардың артып бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп, Иранның түрлі ауған топтар арасында келіссөз өткізу үшін әріптестік жасауға дайын екенін мәлімдеді.
Мұхаммад Ибрахим Тахерианфәрд сенбі күні жуырда Кабулда болған жарылыстарға тоқталып: «Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылық орнату осы елдің халқы, үкіметі мен түрлі ағымдарының талабы ғана емес, ұжымдық қауіпсіздікке қол жеткізу және аймақтық әріптестіктерді дамытуға қажетті шарт саналады»,-деді.
Кеше таңертең Кабулдың үш ауданында 3 жарылыс болды. Соның салдарынан 1 адам қаза тауып, 4 адам жараланды.
Тегтер