Помпеоның аймаққа сапары – сионистік режимге заңдылық беруге талпыныс
(last modified Tue, 25 Aug 2020 18:14:07 GMT )
Там 26, 2020 00:14 Asia/Almaty
  • Помпеоның аймаққа сапары – сионистік режимге заңдылық беруге талпыныс

АҚШ Дональд Трамптың билігі кезінде сионистік режимнің мүддесіне сай бұрын соңды болмаған шаралар атқарылды. Солардың ішінде Трамп үкіметінің Вашингтонға одақтас араб елдері тарапынан Израильдің ресми түрде танылуына күш салуы болды. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео осы салада маңызды рөл атқарып келеді.

Помпеоның Батыс Азия аймағына сапарының алғашқы мақсаты – басып алынған Палестина. Ол сионистік режимнің жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесіп, сионистік режим мен БАӘ қарым-қатынасын қалыптандыру, Израильдің араб елдері тарапынан танылу үдерісін жалғастыру және Иран тарапынан төнген қауіп-қатерлер туралы пікір алмасады. Помпео осы кездесулерден кейін дүйсенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында Ақ үйдің бұрынғыдай бар күш-қуатымен сионистік режимді қолдай беретінін қуаттады.

АҚШ Президенті Дональд Трамп Ақ үйге келгелі бері сыртқы саясатта көптеген жанжалды шаралар атқарды. Солардың ең маңыздысы Құдсты сионистік режимнің астанасы деп ресми түрде таныды, Голан биіктіктерінің басып алынған Палестинаға қосылғанын ресми түрде таныды, сионистік режимге бұрын‑соңды болмаған артықшылықтар беретін және палестиналықтарды басты құқықтардан мақрұм қалдыратын «Ғасыр мәмілесі» жобасын ұсынды, ақыр соңында Трамп үкіметі Иордан өзенінің батыс жағалауындағы жерлердің бір бөлігін басып алынған Палестинаға қосуға көнді.  АҚШ-тың жаңа қадамында осы елге одақтас араб елдерін сионистік режимді тануға және онымен саяси-экономикалық байланыс ортануға ынталандыруға күш салып жатыр. Бұл салада Вашингтонның басты нысанасы – Парсы шығанағы маңындағы араб елдері.   

БАӘ билеушілері осы шарадан кейін АҚШ тарапынан дамыған қару-жарақ сатуға салынған бұрынғы шектеулер алынып тасталады және Нетаньяху Иордан өзенінің батыс жағалауындағы жерлердің бір бөлігін Израильге қосу жобасын тоқтатады деп ойлаған. Вашингтонның Батыс Азиядағы саясатын зерттеу институтындағы Израиль мен араб елдері қарым-қатынасы жобасының директоры Давид Маковскийдің айтуынша, бұл келісім – БАӘ үшін бір артықшылық. Әскери қару-жарақтарды сату шарттарын да қамтитыны сөзсіз.  Әскери үстемшілдікке шектеулер қойылуы себепті және Израильге қарсы ерекше технологияларды пайдалану ықтималынан қорқуға байланысты БАӘ-ға қару-жарақ сатып алуға рұқсат етілмеген еді.  Алайда БАӘ күткен бұл екі шара да қате болып шықты. 

Нетаньяху Иордан өзенінің батыс жағалауындағы жерлерді басып алынған Палестинаға қосу жобасын тоқтатпағаны былай тұрсын, тіпті Израильдің F-35 қырғи ұшағын БАӘ-ге сатуға қарсылығын жалғастыратынын тура мәлімдеді.  Осылайша,  Трамп үкіметінің БАӘ-ге F-35 қырғи ұшағын сату туралы уәдесінің бос сөз екені мәлім болды.