Башар әл-Джафари: Түркия тұщы суды соғыс құралы ретінде пайдаланып отыр
(last modified Sat, 29 Aug 2020 11:24:56 GMT )
Там 29, 2020 17:24 Asia/Almaty
  • Башар әл-Джафари: Түркия тұщы суды соғыс құралы ретінде пайдаланып отыр

Сирияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Түркияның Сирияның әл-Хаске облысы тұрғындарының тұщы судан айыруын адамзатқа қарсы қылмыс деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Башар әл-Джафари бейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік  кеңесінің Сирияға қатысты онлайн отырысында Түркияның әл-Хаске облысы тұрғындарын тұщы судан айырғанына тоқталып: «Түркия режимі бұрынғыдай тұщы суды әл-Хаске тұрғындарына қарсы соғыс құралы ретінде пайдаланып отыр»,-деді.

Сирияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Түркияның бұл әрекетінің себебін әл-Хаске тұрғындарының басқыншылыққа қарсылығы деп атады.

Түркия мен оның қолдауына ие болып отырған лаңкестердің Сирияның солтүстік-шығысындағы әл-Хаске облысы тұрғындарын тұщы судан айырғанына екі апта болды.    

Түркияның бұл әрекетінен кейін  аталмыш облыстағы 1,5 млн адам тұщы су тапшылығына ұшырап отыр.

Тегтер