АҚШ-та Трамп қарсыластарының 60 күндік жалпыхалықтық шеруі басталды
https://itolqyn.com/news/world-i48175-АҚШ_та_Трамп_қарсыластарының_60_күндік_жалпыхалықтық_шеруі_басталды
«Фашизмнен бас тарту» атты америкалық топ АҚШ-та президенттік сайлауға 60 күн қалғанда осы елдің 25 қаласында шеру ұйымдастырды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 06, 2020 16:23 Asia/Almaty

«Фашизмнен бас тарту» атты америкалық топ АҚШ-та президенттік сайлауға 60 күн қалғанда осы елдің 25 қаласында шеру ұйымдастырды.

Бұл топ наразылары сенбі  күні Нью-Йорктың Манхеттен ауданындағы көшелерде және елдің басқа 25 қаласында өздерінің 60 күндік шеруін бастады.

Бұл топ: «Осы 60 күндік күрес Трамп пен оның орынбасары Майк Пенсті қызметінен кетіру үшін басталды»,-деп мәлімдеді.

Мұнымен бір мезгілде Висконсин штатындағы наразылар АҚШ туын өртеді.

Трамптың қарсылығына қарамастан, АҚШ-та нәсілшілдікке қарсы шерулер жалғасып жатыр. АҚШ Президенті шерулерді басып-жаншу үшін түрлі қалаларға федералдық күштер жіберетінін айтып, сан рет сес көрсетті.