Ресей әскери құрал-жабдықтарының Иран арқылы Арменияға тасымалданатыны туралы уәжде теріске шығарылды
(last modified Mon, 07 Sep 2020 12:09:38 GMT )
Қыр 07, 2020 18:09 Asia/Almaty
  • Ресей әскери құрал-жабдықтарының Иран арқылы Арменияға тасымалданатыны туралы уәжде теріске шығарылды

Иранның Әзірбайжандағы елшілігі кейбір ақпарат құралдарының Ресей әскери құрал-жабдықтарының Иран арқылы Арменияға тасымалданатыны туралы ақпараттарын теріске шығарды.

Иранның Әзірбайжандағы елшілігі дүйсенбі күні мәлімдемесінде: «Кейбір ақпарат құралдарының Ресей әскери құрал-жабдықтарының Иранның «Нұрдуз» шекаралық бекеті арқылы Арменияға тасымалданатыны туралы ақпараттары негізсіз»,-деп мәлімдеді.

Осы мәлімдемеде: «Бұл ИИР мен Әзірбайжан республикасы қарым-қатынасының жақындауына қарсы күштердің бүлдіргі әрекеті болып табылады. Олар екі елдің даму үстіндегі достық қарым-қатынасы мен әріптестігіне сызат түсіруді мақсат етеді»,-делінген.