Ресей әскери құрал-жабдықтарының Иран арқылы Арменияға тасымалданатыны туралы уәжде теріске шығарылды
https://itolqyn.com/news/world-i48189-Ресей_әскери_құрал_жабдықтарының_Иран_арқылы_Арменияға_тасымалданатыны_туралы_уәжде_теріске_шығарылды
Иранның Әзірбайжандағы елшілігі кейбір ақпарат құралдарының Ресей әскери құрал-жабдықтарының Иран арқылы Арменияға тасымалданатыны туралы ақпараттарын теріске шығарды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 07, 2020 18:09 Asia/Almaty
  • Ресей әскери құрал-жабдықтарының Иран арқылы Арменияға тасымалданатыны туралы уәжде теріске шығарылды

Иранның Әзірбайжандағы елшілігі кейбір ақпарат құралдарының Ресей әскери құрал-жабдықтарының Иран арқылы Арменияға тасымалданатыны туралы ақпараттарын теріске шығарды.

Иранның Әзірбайжандағы елшілігі дүйсенбі күні мәлімдемесінде: «Кейбір ақпарат құралдарының Ресей әскери құрал-жабдықтарының Иранның «Нұрдуз» шекаралық бекеті арқылы Арменияға тасымалданатыны туралы ақпараттары негізсіз»,-деп мәлімдеді.

Осы мәлімдемеде: «Бұл ИИР мен Әзірбайжан республикасы қарым-қатынасының жақындауына қарсы күштердің бүлдіргі әрекеті болып табылады. Олар екі елдің даму үстіндегі достық қарым-қатынасы мен әріптестігіне сызат түсіруді мақсат етеді»,-делінген.