Трамп Сауд патшасына қысым жасады
https://itolqyn.com/news/world-i48193
CNN телеарнасының хабарлауынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп жексенбі күні Сауд патшасы Салман бен Абдулазизбен телефон арқылы сұхбаттасып, оны Парсы шығанағы маңындағы араб елдері арасында қайшылықтардың артуының алдын алу үшін келіссөз жүргізуге көндірді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 07, 2020 20:56 Asia/Almaty
  • Трамп Сауд патшасына қысым жасады

CNN телеарнасының хабарлауынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп жексенбі күні Сауд патшасы Салман бен Абдулазизбен телефон арқылы сұхбаттасып, оны Парсы шығанағы маңындағы араб елдері арасында қайшылықтардың артуының алдын алу үшін келіссөз жүргізуге көндірді.

Трамп Сауд патшасына келіссөз жүргізсін деп қысым жасады. АҚШ-тың шаралары салдарынан БАӘ ислам әлемінің ауқымды сынына ұшыраса да, сионистік режиммен қарым-қатынасын қалыптандыру туралы ымырашыл келісімге қол қоюға мәжбүр болды.

АҚШ Президентінің көмекшісі Джадд Дири Твиттердегі жеке парақшасында Трамптың Малек Салманмен телефон арқылы сұхбатының бір бөлігіне тоқталып: «Трамп Сауд Арабиясының G20 тобын басқаратынына қолдау білдіріп, саудиялықтардың өткен аптада іске қосылған Израиль-БАӘ әуе рейстері үшін Сауд Арабиясының әуе кеңістігін ашқанына ризалық білдірді»,-деді.