Полиция бір америкалық қара нәсілдіні жанұясының көзінше соққыға жықты
Қыр 14, 2020 16:39 Asia/Almaty
АҚШ полициясының қатігездігі мен нәсілшілдікке наразылықтар мен тынышсыздықтардың жалғасында полиция қызметкерлерінің қара нәсілді азаматқа қатысты есеңгірететін айуан әрекеті дау-жанжал тудырды.
Әлеуметтік желілерде тарап кеткен видео бойынша, екі полиция қызметкері бір қара нәсілді ер адамды көшеде жерге жатқызып, оның беті-басын жұдырықпен ұрған. 26 жастағы Родрик Вакер полиция тоқтатқан көліктің ішінде отырған жолаушы болатын. Қос тараптың айтысы үдей түскен соң, полиця қызметкерлері оны дөрекі түрде ұстауға талпыныс жасаған.
Бұл оқиға жұма күні Хардсфилд-Джексон Атланта халықаралық әуежайы маңында орын алды.
Тегтер